Қырғызстан Президенті отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады

15 Қазан 2020, 14:25
1451
Бөлісу:
Қырғызстан Президенті отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін, 15 қазан күні Қырғызстан азаматтарға елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты үндеу жасады. Бұл туралы Кабар ақпарат агенттігі хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы үндеуінің толық мәтінін жариялады. 

Құрметті отандастар! Еліміздің астанасы Бішкек қаласында қоғамдық-саяси жағдай күрделі болып отыр. Кеше Жогорку Кенеш Үкімет құрамын бекітті, мен Қырғыз Республикасы Президентінің тиісті тағайындаулар туралы жарлығына қол қойдым. Бірақ бұл шиеленіскен жағдайды қалпына келтірмеді. Өкінішке қарай, агрессия азаймаған. Менің тез арада отставкаға кетуіме талап қойылып жатыр, - делінген үндеуде.



Өзгелердің жаңалығы