Қылмыстық топтың серкесі Серік Жаманаев 19 жылға сотталды

18 Қаңтар 2021, 12:44
1670
Бөлісу:
Қылмыстық топтың серкесі Серік Жаманаев 19 жылға сотталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «Серік-голова» лақап атымен танымал қылмыстық топтың серкесі Серік Жаманаев 19 жылға сотталды.

Сот үкімі бойынша Серік Жаманаев қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде 14 жыл отырады, қалған  5 жыл жазасын толық қауіпсіздік мекемесінде өтейді. 

Мемлекеттік айыптаушы Серік Жаманаевты 262-баптың 2-бөлігі «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», 194-баптың 4-бөлігінің 1-тармағы «Адамдар тобы аса ірі мөлшерде күш қолданып жасаған қорқытып алушылық», 106-баптың 3-бөлігі «Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша кінәлі деп тануды сұраған еді.

Қылмыстық топтың басқа мүшелері  де жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді:

Руслан Балабеков 6 жылға сотталды;

Рустам Балабеков – 10 жылға;

Азизжан Асматуллаев - 7,5 жылға;

Абдугани Асматуллаев - 8 жылға;

Данияр Тәжібаев - 9 жылға;

Айбек Жейтенов - 6 жылға;

Илья Таранов - 8,5 жылға;

Олег Аква - 8,5 жылға;

Ахмед Алладдинов - 6 жылға;

Назима Мамедова - 8,5 жылға сотталды.

Өзгелердің жаңалығы