Қылмыстық іс жүргізу толық электронды форматқа көшеді – Шыныбеков

14 Қазан 2021, 11:26
2266
Бөлісу:
Қылмыстық іс жүргізу толық электронды форматқа көшеді – Шыныбеков

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің Тергеу қызметі басқармасының бастығы Ғұмар Шыныбеков брифингте айтты.

2025 жылға қарай қылмыстық іс жүргізуді толықтай электронды форматқа көшіру көзделген. 2018 жылдан бастап қылмыстық істерді электронды форматқа көшіру кезең-кезеңмен басталды. Бастапқыда жеңіл және орташа ауырлықтағы істер, кейін ауыр санаттағы қылмыстар бойынша. Бүгінде тіркелген қылмыстық істердің жалпы санының 70 пайыздан астамы электронды форматта. Материалдық-техникалық жабдықтар жақсартылған, - деді ол.

Шыныбеков атағандай, Полиция департаментінің тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында заңнамадағы өзгерістерді қосымша зерделеу мен талқылау бойынша сабақтар, курстар мен семинарлар үнемі өткізіліп тұрады, ведомстволық жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыру курстары қарастырылған.

Сондай-ақ Қарағанды академиясының базасында жоғары оқу орындары заң факультеттерінің түлектері үшін тергеу бөлімдерінде жұмыс істегісі келетіндер үшін бастапқы дайындық 6 айлық курстарда жүргізіледі. Қабылданған шаралар біздің ортақ мақсатымызға жетуге бағытталған, яғни, қылмыстарды толық ашу мен тергеу, қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін арттыру, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы