КВИ мен пневмониядан 92 адам көз жұмды

28 Шілде 2021, 09:00
2409
Бөлісу:
КВИ мен пневмониядан 92 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 28 шілдедегі ақпаратты жариялады.

28 шілдедегі мәлімет бойынша, 89 058 адам коронавирус инфекциясынан (–86 911 + және 2147 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 24 748 пациент стационарда, 64 310 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 1500 адамның жағдайы ауыр, • 319 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 160 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

26 шілде күні коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 324 жағдайы және 11 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 97 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап барлығы: ауырғандар - 60 018, 3 660 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54211-ге жетті.

КВИ мен пневмониядан 92 адам көз жұмды

Өзгелердің жаңалығы