КВИ мен пневмониядан 90 адам көз жұмды

26 Шілде 2021, 09:01
2210
Бөлісу:
КВИ мен пневмониядан 90 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 26 шілдедегі ақпаратты жариялады.

26 шілдедегі мәлімет бойынша, 83 084 адам коронавирус инфекциясынан (–81 077 + және 2007 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 868 пациент стационарда, 59 216 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 1444 адамның жағдайы ауыр, • 304 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 183 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

24 шілдеде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 84 жағдайы және 20 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бастап барлығы: ауырғандар - 59 671,  3625 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 54 039-ға жетті.

КВИ мен пневмониядан 90 адам көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы