КВИ мен пневмониядан 5 адам көз жұмды

5 Қазан 2020, 10:25
1267
Бөлісу:
КВИ мен пневмониядан 5 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 2 адам және коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмды. 

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 37 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 57 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 33 608, 360 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 507 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 213 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 73 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 806 науқас жатыр. 1 407 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

КВИ мен пневмониядан 5 адам көз жұмды

Өзгелердің жаңалығы