КВИ-мен ауыратын науқастарға пульмопровизорлық госпиталь ашылады

23 Маусым 2020, 09:01
1426
Бөлісу:
КВИ-мен ауыратын науқастарға пульмопровизорлық госпиталь ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда COVID-19 науқастарына арналған 250 төсектік пульмопровизорлық госпиталь ашылады. 

Оны Майқұдық шағын ауданындағы №1 қалалық аурухана базасында жабдықтайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев онлайн режимінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Қарағандыда екі пульмопровизорлық госпиталь жұмыс істейді.

Қазір облыстық ауруханалар 70%-ға жүктелген. Қор бар, бірақ соңғы аптада жұқтырғандардың саны күрт өсті. Егер бұрын тәулігіне орташа есеппен 50 адамнан ауруханаға жатқызылса, қазір 70-тен жоғары. Сондықтан тағы бір аурухана жабдықтау қажеттігі туындады, - деді Ержан Нұрлыбаев.

COVID-19 ауыр ағымы бар пациенттердің саны да өсті. Қазір жан сақтау бөлімінде 29 адам бар. Олардың тоғызы ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Ерекше бақылауда жатқандардың көпшілігі қарт және егде адамдар.

Мұндай өсімнің себебін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы медициналық көмекке уақытында жүгінбеудің салдарынан туындайтынын айтады.

Өкінішке қарай, адамдар өз бетімен емделуге тырысады. Мен барлық тұрғындарды ЖРВИ-дің алғашқы белгілері пайда болған бетте дәрігерге жүгінуге шақырамын. Әлеуметтік желілерде КВИ науқастарына инъекция салмайды, сондықтан стационарларда дұрыс емдемейді деген пікірлер айтылуда. Бірақ коронавирустық инфекция кезінде көктамыр арқылы дәрі жіберу өкпенің ісінуі және басқа да ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Сондықтан емделушінің жағдайы әзірге таблеткаланған препараттармен емдеуге мүмкіндік берсе, біз осы әдісті қолданамыз, - деп түсіндірді Ержан Нұрлыбаев.

Соңғы аптада жедел жәрдем шақыруларының саны 20%-ға артты. Жедел жәрдемге түсетін жүктемені азайту үшін ЖРВИ белгілері бар адамдарға емханалардан бригада шығады. Олардың иелігіне уақытша 20-ға жуық көлік берілді.

Бүгінгі күні Қарағанды облысында COVID-19-бен 1 897 науқас тіркелген, оның 864-і дерттен сауығып шыққандар.

Өзгелердің жаңалығы