Бас жаңалықтар
COVID вакцинасына түпкілікті қарсы болған жас блогер қайтыс болды
30 Шілде 2021, 16:57 1150

COVID вакцинасына түпкілікті қарсы болған жас блогер қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше күн бұрын 34 жастағы Стивен Хармон қайтыс болды. Жас блогер коронавирусқа қарсы вакцинацияға түпкілікті қарсы адамдардың бірі болған.

BBC хабарлауынша, ол коронавирус жұқтырып, бір ай қатты ауырып, қайтыс болған екен. Оның көптеген оқырманы болған. Блогер үнемі коронавирус пен вакцинаны мазақ қылып келген. Тіпті ауруханаға түскен кезде де мойындамай, қалжыңға айналдырып жүрген. Десе де өкпені жасанды желдету аппаратына қосар кезде өз парақшасында «Қашан оянатынымды білмеймін. Мен үшін дұғада болыңыздар. Өтініш!!!» деген жазба қалдырған. Алайда сол кеткеннен оянбаған.

Бұл оқиғаны естіген адамның көңіл-күйі түседі. Неге? Себебі ол өзінің арандатуларымен бірнеше адамның өмірін құртты. Дәл осындай тұлғалардың арқасында вакцина туралы хабарсыз мыңдаған адам оның тиімділігіне сенімсіздік таныта бастады. Олар Стивен сияқты ауыр жағдайдағы ковидтік науқастардың біріне айналды.

Блогерлердің мойнына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар көпшілікке тек шындықты насихаттауы қажет. Дегенмен кейбір адам рекордтық көрсетілім санына қол жеткіземін деп түрлі видео түсіретін осындай блогерлерге сенеді. Әрине, тек олардың ғана кесірінен емес. Дегенмен көп жағдайда олардың көпшілікке әсері басым келеді.

Қазір біздің ел әлем бойынша КВИ жұқтырғандар санынан екінші орынға тұрақтады. Елдегі вакцинация басталған наурыз айынан бері біз құнды уақытымызды жоғалтып алдық. Осы кезеңге дейін адамдардың басым бөлігі әлдеқашан вакцинациялануы керек еді. Алайда қазір тәулігіне коронавирус жұқтырған 7778 адамды тіркеп, рекордтық жағдайға жетіп отырмыз. Біз негізі басқа рекордқа қол жеткізіп отырмыз. 


Бір қызығы, бала кезінде қызылшадан, шешектен және т.б. ауруларға қарсы екпе салдырған антиваксерлер жақсы өмір сүріп, медицинаның, дәрігерлердің түрлі зерттеулерінің қызығы мен игілігін көріп жатыр.

Бұл ретте, олардың пікірінше, тіс дәрігеріне, басқа да дәрігерлерге барудың қажеті жоқ, ауырсындыратын дәріні де салудың қажеті жоқ қой. 

Еске салсақ, медицинаның арқасында адамдар оба, шешек тәрізді ауруларды жеңе білді. Алайда ол кезде бір екпені әзірлеу үшін жүздеген жыл қажет болатын. Ал қазір ғалымдар бір жылда вакцина жасап шығарды. Медицинаның арқасында адамдар көру қабілетін қалпына келтіре алады. Медицинаның арқасында орташа өмір сүру жасы да ұлғайды. 

Мұндай адамдарды тыңдауды тоқтату керек. Біз жауапты болып, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруымыз керек. Тек вакцинация эпидемиологиялық жағдайды түзетуге көмектеседі.


Фото: дереккөз
Загрузка...