КВИ-дің теріс нәтижелі анықтамасын сатқан медицина қызметкері ұсталды

6 Тамыз 2020, 09:42
1889
Бөлісу:
КВИ-дің теріс нәтижелі анықтамасын сатқан медицина қызметкері ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ПТР-тестіне теріс нәтиже көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтаған. 

Қабылданған шаралар нәтижесінде "Covid-19"-ға ПТР теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған  медициналық қызметкер ұсталды. Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын хабарлады, - делінген мәліметте. 
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.
Өзгелердің жаңалығы