КВИ-ден кейін оңалту: МӘМС аясында 45 медициналық ұйым қызмет көрсетеді

29 Шілде 2021, 15:57
2284
Бөлісу:
КВИ-ден кейін оңалту: МӘМС аясында 45 медициналық ұйым қызмет көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтау қоры» ҰАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының 2021 жылдың І жартыжылдығындағы қызметі туралы өткен брифингте айтты.

Елорда бойынша 2021 жылдың алты айында коронавирус инфекциясымен күресу аясында іс-шараларды қаржыландыру 21,8 млрд теңгені құрады. Оның ішінде медицина қызметкерлерінің үстемақысы - 10,6 млрд теңге, медициналық көмек пен КВИ таралуын болдырмау жөніндегі қызметтерге 8 млрд теңге бөлінді. Карантин және инфекциялық стационарларда 32 мыңнан астам адам емделіп шықты, - деді ол.

Қабдықапаровтың айтуынша, КВИ таралуын болдырмау үшін стационарлар аясында үйге ең көп көмек көрсететін медициналық көмекке 574 млн теңгеге адам емделді.

Елордада тұрғындар коронавирус инфекциясы мен пневмония кезінде медициналық көмекті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан тегін алады. Коронавирус инфекциясымен орташа және аса ауыр деңгейде ауырған науқас ӘМСҚ сақтандыру аясында оңалтудан өте алады, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның айтуынша, ӘМСҚ аясында елорда бойынша оңалту қызметін 45 медицина ұйымымен келісімшарт жасалған.

Оның ішінде жеке меншік - 20, мемлекеттік – 22, республикалық – 3 медицина ұйымы бар, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы