КВИ-ден 31 науқас қайтыс болды

8 Мамыр 2021, 09:44
1297
Бөлісу:
КВИ-ден 31 науқас қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 8 мамырдағы ақпаратты таратты.

8 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 695 адам коронавирус инфекциясынан (42 188 КВИ+ және 507 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 656 пациент стационарда, 28 039 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, - делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 803 адамның жағдайы ауыр,
• 174 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

КВИ-ден 31 науқас қайтыс болды

Өзгелердің жаңалығы