КВИ белгілері бар пневмонияның 321 жағдайы анықталды

14 Қазан 2020, 10:16
974
Бөлісу:
КВИ белгілері бар пневмонияның 321 жағдайы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 321 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 269 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 35 234, 373 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 978 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 862 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 88 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 073 науқас жатыр. 789 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 79 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

КВИ белгілері бар пневмонияның 321 жағдайы анықталды

Өзгелердің жаңалығы