КВИ белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы анықталды

15 Қазан 2020, 09:01
1062
Бөлісу:
КВИ белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 15 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады. 

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Ал  82 адам бұл дерттен емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 35 393, 374 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны - 28 060 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 789 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 99 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 055 науқас жатыр. 734 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 82 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

КВИ белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы анықталды

Өзгелердің жаңалығы