Бас жаңалықтар
КВИ белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы тіркелді
20 Қазан 2020, 09:05 150

КВИ белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 20 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады. 

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 16 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 35980, 387 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28239 жетті.


Фото: дереккөз
Загрузка...