КВИ белгілері бар пневмонияның 266 жағдайы анықталды

8 Қазан 2020, 10:05
1049
Бөлісу:
КВИ белгілері бар пневмонияның 266 жағдайы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 266 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Оған қоса 9 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 34 143, 362 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 572 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 094 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 898 науқас жатыр. 1 196 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 87 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

КВИ белгілері бар пневмонияның 266 жағдайы анықталды

Өзгелердің жаңалығы