Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы институт жұмыс істейді

16 Қазан 2020, 09:56
1426
Бөлісу:
Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы институт жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева елорда әкімдігінде өткен онлайн брифинг барысында айтты. 

Биылғы 6 қазанда Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заң бойынша мемлекеттік қызметкерлерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады, - деді Жалқышиева. 

Ол атап өткендей, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылық корпоративтік стандарттарын сақтауға қатысты жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы «KomPlays» қызметтер институты енгізілді.

«KomPlays» - Батыс елдерінен келген ұғым. Ол кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізетін бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімше болып табылады, - деді Жылқышиева. 
Ол атап өткендей, Мемлекет басшысының Жолдауында да жаңа жемқорлыққа қарсы бастамалар ұсынылды. 
Президент депутаттар мен судьялар үшін шетел банктерінде шоттар ашуға және құндылықтарды сақтауға тыйым салу қажетін айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты жасаған қылмысы бар адамдар үшін шартты түрде босатылмайды, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес квазимемлекеттік секторда қоғамдық кеңестер құруды көздейтін, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысу арқылы қоғамдық кеңестердің өкілеттіктерін кеңейтетін заңға түзетулер әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда бұл түзетулер келісу рәсімінен өтуде деген еді Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы