Бас жаңалықтар
Көкшеде «Күзет барысы» республикалық турнирі өтті
28 Мамыр 2019, 22:59 808

Көкшеде «Күзет барысы» республикалық турнирі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының спорттық іс-шаралар өткізу туралы бұйрығына сәйкес алғашқы рет Көкше жерінде Нұр-Сұлтан қаласы Күзет полициясының ұйымдастыруымен ІІО қызметі бөліністері арасында қазақ күресінен «Күзет барысы» республикалық турнирі өтті. 

Аталған турнирге 14 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан, барлығы 19 команда қатысты. 

114 балуан 6 салмақ дәрежесі бойынша өзара бақтарын сынады. 

Балуандарға Қазақ күресі федерациясының өкілдері  1-дәрежелі төреші Шайкенов Серік, ұлттық дәрежедегі төреші Ковалев Наиль, 1-дәрежелі төрешілер Азербаев Дәулет, Орал Айдын және Хайрат Айдын төрелік етті. 

Жарыстың ашылу салтанатына ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі полициясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Қасенов Руслан мырза, Щучие қаласының әкімі Махметов Бекахмет, Нұр-Сұлтан қаласы Күзет полициясының бастығы полиция полковнигі Бабаев Батырбек мырза, Уәлиев атындағы "Жақсы" спорт кешенінің директоры Жетпісов Ержан, Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем және Азия чемпионы, "Қазақстан барысы"—Тұрсынов Мұхит, бүкілқазақстандық қоянқолтық ұрысы қауымдастығының бас хатшысы, халықаралық дәрежедегі төреші—Әділ Тохтарханұлы, ҚР ұлттық құрама мүшелері, спорт шеберлері— Жеңіс Ердәулет, Асқарбекұлы Жандос қатысты. Балуандардың және спорт жанашырларының құрметіне елордалық Күзет полициясы қызметкерлері арасында өткен «Әр жүректе –туған жер» атты ән байқауының жүлдегерлері Нурманов Бекжігіт пен Сабыр Ақбота ән шырқады. 

Тұңғыш рет ұйымдастырылған тартысты жарыстың нәтижесі мынандай: 

66 келі салмақта 1-орын — Мирманов Сырым (БҚО), 2-орын — Қоғабай Жұмабай (Нұр-Сұлтан), 3-орын – Дәут Бағлан (Алматы обл.); 

74 келі 1-орын – Дастанбеков Нұрсұлтан (Маңғыстау обл.), 2-орын — Ғабиденұлы Дінмұхаммед (Алматы обл.), 3-орын — Құлбеков Нұрболат (ШҚО);

82 келіде 1-орын – Усинбекұлы Руслан (Қызылорда обл.), 2-орын — Добай Әмір (Жамбыл обл), 3-орын — Жуманов Жандос (Алматы обл.); 

100 келі салмақта 1-орынды Қыстаубай Қуат (ДӨКжПП), 2-орынды Қалдыбек Құнанбай (Нұр-Сұлтан), 3-орынды Кунаков Газиз (Қостанай обл.) жеңіп алды. 

+100 келі салмақта 1-орынды Дюсембаев Жаныбек (Алматы обл.), 2-орынды  Медетов Ақжол (Алматы обл.), 3-орынды  Шукеров Азат (СҚО); 

+90 келі салмақта (Түйе балуан) 1-орынды Бейрахметов Әділет (ШҚО), 2-орынды Қойшыбаев Исатай (Алматы қ.), 3-орынды Мауленов Еркебұлан (Нұр-Сұлтан қ.); 

Әр салмақ бойынша жүлделелі орынға ие болған балуандарға «Динамо» ДШҚ-нан арнайы спорттық киімі табысталды. 

Сондай-ақ, турнирді ұйымдастырушы тарапынан 5 үздік номинация тағайындалды.  Байрақты бәсекеде «Үздік балуан» – Омаров Оралбек (Нұр-Сұлтан қаласы) , «Тәсілді балуан» – Алматов Мейрамбек (Жамбыл обл.), «Шапшаң балуан» — Мекеш Еркебұлан (Павлодар обл.), "Шебер балуан" – Шамшитден Мейржан (БҚО), «Көрермендер көзайымы»— Омаров Еркебұлан (ШҚО) атанды. 

Бұған қоса үздік номинацияға ие болған балуандар Қазақ күресі федерациясы бекіткен арнайы «БЕРЕН» кимоносымен марапатталады. 

Жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте 1-орынға Алматы облысының Күзет полициясы басқармасы, 2-орынға Нұр-Сұлтан қаласының Күзет полициясы басқармасы, 3-орынға Солтүстік Қазақстан облысының Күзет полициясы басқарма командалары табан тіреді.

Загрузка...