Кувейтте ауа температурасы 70 градусқа көтерілді

11 Шілде 2021, 00:16
1853
Бөлісу:
Кувейтте ауа температурасы 70 градусқа көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Cоңғы күндері Кувейттегі ауа температурасы Таяу Шығыс елдері үшін де рекордтық болды: көлеңкеде 53,3 градусқа жетсе, ал күннің астында 70 градусқа дейін көтерілген.

Жергілікті Al Rai газетінің жазуынша, әмірліктегі бұл жаз соңғы 70 жылдағы ең ыстығына айналған. Аптапқа байланысты Кувейттің бірнеше аймағының билігі эмират тұрғындарын электр қуатын үнемдеуге, сондай-ақ үйлер мен кеңселердегі ескі кондиционерлерді ауыстыруға шақырды, өйткені олар жергілікті қуатқа үлкен салмақ түсіріп отыр.
Өзгелердің жаңалығы