Құтқарушылардың тұрғын үй төлемдерін, зейнеткерлік жасын азайтуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатыр
6 Желтоқсан 2021, 17:01 418

Құтқарушылардың тұрғын үй төлемдерін, зейнеткерлік жасын азайтуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілісте өткен «Үкімет сағаты» кезінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құтқарушылардың тұрғын үй төлемдерін, зейнеткерлік жасын азайтуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатқанын айтты.

Министрліктің, атап айтқанда, жаңадан құрылатын өрт сөндіру деполары үшін өрт сөндірушілерді 533-ке, халықты және Батыс стратегиялық бағыттағы объектілерді қорғау үшін әскери қызметшілерді 880-ге ұлғайту керек. Сонымен бірге 61 өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметкеріне, жаңадан іске қосылатын суда құтқару станцияларының жұмыс істеуі үшін 220 құтқарушыға, Қазселденқорғаудың 129 жұмыскеріне, Апаттар медицинасы орталығы үшін 229-ға, кәсіби кадрлар даярлау үшін Азаматтық қорғау академиясының штат санын 77-ге ұлғайту қажет, - деді министр Мәжілісте.

Сонымен қатар Юрий Ильин құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсартатын заң жобасы әзірленіп жатқанын жеткізді.

Қазіргі уақытта министрлік азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін, бір жерден екінші жерге көшумен байланысты қызмет бойынша ауысу кезінде көтерме жәрдемақыларды, жауынгерлік іс-қимылдарға жақындатылған жағдайларда жұмысы үшін үстемеақыларды жүзеге асыру, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне біржолғы жәрдемақыны ұлғайту, азаматтық қорғау органдарының кәсіби авариялық-құтқару қызметтері құтқарушыларының зейнеткерлік жасын азайту немесе оларды аттестаттау мәселелерін ерікті өртке қарсы құралымдардың инфрақұрылымын дамыту және объектілерді жобалау және салу кезінде өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау және басқаларды көздейтін заң жобасына тұжырымдама жобасын әзірлеп жатыр, - деп айтты ТЖМ басшысы.


Фото: дереккөз
Загрузка...