Алматыда 3 жасар баланың аяғы радиаторға қысылып қалған

23 Шілде 2021, 21:15
3429
Бөлісу:
Алматыда 3 жасар баланың аяғы радиаторға қысылып қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жылыту батареясына аяғы қысылып қалған балаға көмекке келіп, жарты сағаттың ішінде аяғын шығаруға жәрдемдесті.

Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 23 шілде күні сағат 10.00-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жылыту батареялардың арасында баланың аяғы тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Алматыда 3 жасар баланың аяғы радиаторға қысылып қалған

Шақыру орнына келген Қаратал ауданының ТЖ бөлімі мен Үштөбе қаласының №18 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жылыту радиаторлары арасында үш жасар баланың аяғы тұрып қалғанын анықтады. Сағат 10.23-те ортақ күш-жігермен, қандай да бір жарақатсыз баланың аяғы сәтті босатылды.Алматы облысының ТЖД қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында ата-аналардан, жас балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмауды сұрайды!, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы