Құтқарушылар Алматы тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды

28 Қазан 2020, 14:54
1524
Бөлісу:
Құтқарушылар Алматы тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы қаласының тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды.

2020 жылғы 27 қазанда Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне Алматы қаласы, Медеу ауданында, Мыңжылқы  үстіртіндегі метеостанция ауданында (теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте) 2003 жылы туған қыздың аяғын жарақаттап алғаны және оған көмек қажет екендігі туралы ақпарат келіп түсті, - делінген хабарламада. 
Құтқарушылар Алматы тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды

РЖҚЖ құтқарушылары зардап шеккен қызға жедел көлікпен жетті. Қыз құлап, тізесін жарақаттап алған екен. Оқиға орнында РЖҚЖ құтқарушылары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, зардап шеккен қызды Апаттар медицина
орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

Құтқарушылар Алматы тауларында кәмелетке толмаған қызды құтқарды

Өзгелердің жаңалығы