Курсанттар әскери автокөліктерді меңгеріп жатыр

21 Мамыр 2020, 14:35
1279
Бөлісу:
Курсанттар әскери автокөліктерді меңгеріп жатыр

Алматы, BAQ.KZ.  Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары оқу аудиторияларын автодромға алмастырып, жүк көліктерін жүргізуді үйреніп жатыр. 

Ірі көлемдегі ауыр жүк көліктерін тізгіндеу оңай емес. Оған қоса тәжірибелік сабақтар үшін күрделі жағдайлар жасалды: "габаритті тоннель", "габаритті сегіздік", "тұйық эстакада", "габаритті аула", "жасыру", "ирелең жол", "шектеулі қисық", "платформа" секілді әртүрлі кедергілер қойылған. Соның нәтижесінде курсанттар әскери автомобиль техникасын жүргізу бойынша өз дағдыларын жетілдіреді, - дейді жалпыәскери пәндер кафедрасының оқытушысы подполковник Талғат Анефияев. 

Автомобильдердің қозғалыс бағыты бойында жол белгілері орнатылып, теміржол өткелі жабдықталған. Курсанттар жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін жетілдіріп, дөңгелекті машиналарды практикалық жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу әдістемесін үйренеді.

Курсанттардың айтуынша, сырт көзге мұндай техниканы жүргізу оңай көрінгенімен, оның өз ерекшеліктері мен қиындықтары жетерлік. Ауыр көлікті жүргізуші ғана оның габаритін, бұрылу радиусын ескеру керектігін басты назарда ұстайды.  

Курсанттардың осы сабақтарда алған білімі, шеберлігі мен дағдылары келешекте әскери автомобиль техникасы қару-жарақ пен әскери техниканы монтаждау және материалдық құралдар мен жеке құрамды тасымалдау үшін қажет.



Өзгелердің жаңалығы