Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Амурдан» айласын асырды

30 Қазан 2021, 15:50
7963
Бөлісу:
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» «Амурдан» айласын асырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Амур» (Хабаровск) командасымен өткізді. 

Кездесу барысында қос команда бір-бірінің қақпасы алдында жиі шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде 32-минутта Кирилл Савицкий есеп ашты. Осылайша, «Барыс» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Бұдан бұрын екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жеткен. Командалар бүгінге дейін 41 мәрте шеберлік байқасты. Оның 22-сі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды. 

Еске салсақ, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) командасынан басым түсті. «Барыс» енді елордада 3 қарашада Финляндияның «Йокерит» командасын қабылдайды.


Өзгелердің жаңалығы