Күрішбаев ауылшарушылығы мақсатындағы жерлер ешкімге сатылмауы қажеттігін айтты

24 Сәуір 2021, 10:15
5998
Бөлісу:
Күрішбаев ауылшарушылығы мақсатындағы жерлер ешкімге сатылмауы қажеттігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында айтты.

Оның айтуынша, Жер реформасы мәселесі жөніндегі комиссия жұмысы аясында Экономикалық мәселелер бойынша жұмыс тобының үш отырысы өткен. Бұл отырыстарда ауылшаруашылығы жер қатынастарына тиесілі көптеген жүйелі сұрақ қаралған.

Қазіргі таңда қоғамның назарындағы ең өзекті мәселе – «ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер қазақстандық азаматтарға жеке меншікке беріле ме әлде берілмейді ме?», деген сұрақ. Бұл мәселе өте күрделі және өте маңызды. Оның шешімі бәрімізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан біз бұл мәселені Экономикалық жұмыс тобының деңгейінде емес, қоғамның алдында ашық түрде, тікелей онлайн режимінде, Жер комиссиясының отырысында талқылануы қажет, деп шештік,-деді сенатор.

Сондай-ақ ол осы мәселе бойынша өзінің жеке пікірін білдірді.

Комиссияның бірінші отырысында айтқан сөзімді қайталаймын, ауылшарушылығы мақсатындағы жерлер ешкімге сатылмай мемлекеттің меншігінде болуы керек! Біріншіден, бұл аграрлық саланың дамуына елеулі кедергі емес. Қазір, шаруашылықтар ауылшаруашылығы жерлерін 49 жылға дейін жалға алып отыр. Егер жерпайдаланушы тиімді жұмыс істейтін болса, сол жерді келесі мерзімге жалға алуға мүмкіндігі бар. Яғни бұл шарт көптеген шаруашылықтарға тиімді деуге болады. Осы сөздің дәләлі ретінде айтарым, 2003 жылдан 2016 жылға дейін ауылшаруашылығы мақсатында жерлерді меншікке беруге руқсат етілген 13 жылда жеке меншікке сол жерлердің тек 1,3 % сатып алынған. Яғни ауылшаруашылығы жерлердің 99 % жалда қалып отыр,-деді Күрішбаев.

Айта кетсек, бүгінгі отырысқа комиссияның 80 мүшесінің 60-сы қатысып отыр.


Өзгелердің жаңалығы