Бас жаңалықтар
Күрестен әлем чемпионатында төрт балуанымыз жарысты бастайды
01 Қазан 2021, 21:47 634

Күрестен әлем чемпионатында төрт балуанымыз жарысты бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 қазан күні Норвегия астанасы Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Жер жүзілік жарыстан қазақстандық балуандар да тыс қалған жоқ деп жазады Olympic.kz. 

Бірінші жарыс күнінде еркін күрестен төрт салмақ дәрежесі бойынша іріктеу кезеңдері мен жартылай финал белдесулері өтеді. 

Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан атынан Адлан Асқаров (61 келі), Нұрқожа Қайпанов (74 келі), Азамат Дәулетбеков (86 келі) және Олег Болтин (125 келі) кілемге шығады. 

Әлемдік дода 10 қазан күні мәреге жетеді. 



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...