Бас жаңалықтар
Күнтізбелік жоспардағы барлық шара бекітілген мерзімге сай өтуі керек – Имашев
21 Қазан 2020, 15:28 154

Күнтізбелік жоспардағы барлық шара бекітілген мерзімге сай өтуі керек – Имашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Күнтізбелік жоспардағы барлық шара бекітілген мерзімге сай өтуі керек, деді Орталық сайлау комиссиясының отырысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев. 

Өңірлерге қатысты айтқым келеді. Әріптестерім күнтізбелік жоспарға назар аударуы керек. Себебі ол Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауындағы негізгі құжаттардың бірі. Ол сайлау процедураларын қамтитын электоральді кампания кезеңдерін анықтап, бекітеді. Күнтізбелік жоспардағы барлық шара бекітілген мерзімге сай өткізілуі тиіс. Осыған назар аударуды және оның толық жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді сұраймын, - деді ол. 

Имашев Орталық сайлау комиссиясында қабылданған қаулыларды ресми баспа мен комиссияның интернет ресурсында дереу жариялауды тапсырды. 

Ертең Орталық сайлау комиссиясының баспасөз конференциясы өтеді. Онда қызықтыратын барлық сұраққа жауап алуға болады, - деп түйіндеді Берік Имашев.


Фото: дереккөз
Загрузка...