Бас жаңалықтар
Күніне мыңға жуық донорға хабарласып, қан тапсыруға шақырамыз – Қан орталығы
PHOTO
14 Маусым 2021, 20:14 391

Күніне мыңға жуық донорға хабарласып, қан тапсыруға шақырамыз – Қан орталығы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде ғана емес, сонымен қатар, әлем бойынша Донорлар күні аталып өтті. Бұл күні барлық Қан орталықтарында донорлар үшін түрлі акциялар ұйымдастырылады.

кан.jpg

Бүгін осындай акцияның бірі елордадағы Қан орталығында өтті. Іс-шара барысында журналистерге берген сұхбатында «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы, жоғары санатты дәрігер-трансфузиолог Сәния Әбдірахманова донорлармен қалай жұмыс істейтіндерін, қажетті қан қорын қалай жинақтайтындарын айтып берді.

BAUR0328.jpg

Ол ең алдымен Қазақстандағы донорлықтың маңыздылығын түсіндіріп берді.

Қан доноры – ең маңызды мәселелердің бірі. Бірақ соңғы кездері донорлыққа кері әсер ететін факторлар пайда болды. Атап айтқанда, өткен жылғы карантин, әлеуметтік қашықтықты сақтау, өз-өзін оқшаулау. Бұл талаптар донорларға да қатысты болды. Кейбірі адамдардың көп шоғырлауынан сексенсе, кей жерде транспорт тоқтатылды. Сондықтан былтырғы жыл біз үшін өте қиын болды. Донорларды үйлерінен шақыртып, қайта жеткізіп тастауға тура келіп отырды. Оларды қан тапсыруға үгіттедік. Енді биыл вакцинация жүргізіліп жатыр. Арақашықтығы 21 күнді құрайтын екі компонентті вакцина. Әр вакцинаны алғаннан кейін 14 күн ішінде донор болуға рұқсат етілмейді, - дейді ол.

BAUR0300.jpg

Осы ретте дәрігер вакцина жаппай халыққа салынып жатқанын атап өтті.

Сәуір, наурыз айларында Донор күнін ұйымдастыру үшін қай мекемеге хабарлассақ та, жауап болмады. Себебі көп ұйымның ұжымы вакцина алды. Қазір бұл процесс те аяқталуға жақын қалды. Мамыр айында ораза болды. Жалпы көктемде қан тапсыру процесі баяу жүргізілді, - деп атап өтті Әбдірахманова.

Орталықтың қызметкерлері күніне шамамен мыңға жуық адаммен байланысады. 

Оның айтуынша, кемінде 10% адам келуі үшін 700-800 адамға хабарласып отыру керек.

Егер бұл жұмысты жалғастырмасақ, онда ерікті қан тапсырушылар бізде болмаушы еді. Тек қана туыстары емханада емделіп жатқандар үшін жақындары ғана келуші еді. Олар келіп қан тапсырмаса, жақындарына бір жағдай болып қалуы мүмкін деп қорқады. Бірақ айтқым келетіні – бізде қан қоры бар. Оны үнемі бақылауда ұстап отырамыз. Орталыққа күніне шамамен 100-150 адам келіп, қан тапсырады. Бұл - Нұр-Сұлтан бойынша. Ал республика бойынша күніне 1 000-ға жуық адам өзінің тіркелген жері бойынша қан орталығына барады, - деп түсіндірді маман.

BAUR0273.jpg

Сұхбат барысында ең жиі сұранысқа ие қан тобы туралы айтып берді.

Әмбебап донор деген түсінік бар. Яғни бірінші қан тобының эритроциттері бәріне бірдей құйыла береді. Сондықтан бірінші топты сұранысқа ие десек болады. Осы қан тобының қоры болса, тамаша болады. Дегенмен қалған екінші, үшінші және төртінші қан топтары да қажет. Көп жағдайда бір уақытта көп емхана бір қан тобын сұрағанда қиналып қаламыз. Мұндай жағдайда күні-түні донорларды шақырумен айналысамыз, - дейді дәрігер-трансфузиолог Сәния Әбдірахманова.

Оның айтуынша, қан тапсыратындардың 70%-ы - ер кісілер. Қанды 18 жастан бастап тапсыра беруге болады. Тапсыруға болмайтын шекті жас шамасы жоқ. Денсаулығы мықты кез келген азамат өз еркімен қан тапсыра алады.

Кейде 70 жастан асқандар да қан тапсыруға келеді. Олардың алдымен денсаулығын тексереміз. Донор сауалнама толтырады. Өзі туралы тиісті мәліметтерді жазады, - деп түсіндірді ол.

BAUR0271.jpg

Орталық төрағасы өз сөзінде донорларды туған күндерімен құттықтап тұратындарын жеткізді.

Донорларға арналған жеке кабинет пайда болады. Бізде «Инфо донор» деп аталатын ақпараттық жүйе бар. Бұл жүйеде донордың сәйкестендіру нөмірі, тапсырған қаны туралы мәліметтері жазылады. Жылдың екінші жартысынан бастап жүйе іске қосылады. Донор соңғы тапсырған анализдері туралы біле алады, - деп айтты Сәния Әбдірахманова.

Ерікті түрде қан тапсыратын адамдарға 2 күндік заңды демалысқа анықтама беріледі. Одан бөлек, ақылы түрде қан тапсыратындар да бар.

BAUR0298.jpg

Ақылы донорларға өз еркімен тапсыратын донорлар болмаған жағдайда ғана жүгінеміз. Мысалы, IV (-) қан тобы қажет етілсе. Тез арада қан керек болса, онда тіпті оларды түннің ортасында да шақырта аламыз. Оның өтеуі ақталады. Себебі қан тапсырған адамға 4 АЕК көлемінде ғана ақы төленеді. Ол шамамен 10 мың теңге, - деп айтып берді дәрігер-трансфузиолог.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...