Бас жаңалықтар
Kundelik.kz неге ақылы? Нығматулин министрге ата-аналардың шағымын жеткізді
28 Қараша 2019, 13:40 2771

Kundelik.kz неге ақылы? Нығматулин министрге ата-аналардың шағымын жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ата-аналарға бірқатар ақпаратты алу үшін ақылы қызмет көрсетіп отырған kundelik.kz жүйесін сынады. 

 
Электронды күнделік керек. Біз одан қаша алмаймыз. Kundelik туралы сұрақ қойғанда мұғалімдердің реакциясы есіңізде ме? Қандай болды?, - деп сұрады Нұрлан Нығматулин білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен.

Министр олардың  "наразы болғанын" айтты.
Күнделік керек. Мұндай форма керек. Ата-аналар қашықтықтан электронды түрде көріп отырады. Ал Асхат Қанатұлы (Аймағамбетов – авт.) айтқандай мұндай жұмысқа педагогтар наразылық танытты. Олардың сөзінше жоғары жылдамдықтағы интернет жоқ. Қанша сатып алайын деп жатырсыздар? 100 мың ба?, - деп сұрады ол. 

Министр Дүниежүзілік банк арқылы білім беруді дамытуға бес жылға 400 млрд теңге сұралғанын айтты.  
Тағы да темір сатып аламыз. Бәрін орнатамыз. Сіздермен кездескенде мұғалімдер дұрыс айтты. Оларға құлақ түру керек. Енгізбестен бұрын ақылға салып жүргізуге болады ғой. Интернет базаны, мектептердің техникалық жағынан дайындау, 1-2 аймақта пилоттық жоба ретінде жүргізіп, қателерді көріп, сосын ғана ел бойынша енгізу керек, - деді Нығматулин.
Аймағамбетов ұсыныстың орынды екенін айтып, қазір жылдамдық, тариф, байланыс арналары бойынша мәселелер талқыланып, шаралар қабылдайтынын айтты. 
Өтінімен, бастама көтергендерің қателігін қайталамауыңызды өтінемін. Алдымен бәрін дайындап алған соң ғана іске қосу керек. Сізге қазір барлық істі түзету қажет. Кundelik.kz қолдану ата-ана үшін ақылы ма, ақысыз ба?, - деп сұрады Мәжіліс спикері.
Министрдің сөзінше ақпаратты алудың негізгі бөлігі тегін. Алайда білім және ғылым министрлігі мен қызмет көрсетуші арасындағы шарт бойынша қажетті ақпаратты алуға, соның ішінде мобильді қосымша, аналитканы, салыстыруды, рейтингіні алуға ата-аналар ақы төлеуі тиіс. 

Сөз алған Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ҚР Конституциясында мемлекеттік мекемелерде тегін орта білім алуға кепілдік берілгенін ескертті. Сол себепті ата-аналарға оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу ақылы болмауы қажет екенін жеткізді. 

Аймағамбетов кері байланыс, балалар күн сайын алатын бағалар туралы ақпарат тегін екенін, алайда аналитика, рейтинг, ұсынымдар мен салыстырулар және мобильді қосымшаны қолдану ақылы екенін қайталап айтты.
Үлгерім туралы ақпарат, педагогтың ескерпелері мен ұсынымдары, мобильді қосымшаны қолдану ақылы. Педагогтың ескертпелерін көре алмайтын бола ата-ана баласының үлгерімін қалай қадағалай алады? Мен сізбен келіспеймін, мен ғана емес депутаттарға ата-аналар да жүгініп отыр, - деп айтты Перуашев. 

Нығматулин министрден kundelik.kz қызметін қанша адам ақылы, қанша адам ақысыз пайдаланатынын сұрады. Алайда ол мұндай проценттік қатынас туралы ақпаратты айта алмады. 
Күн сайын алған бағаны көру тегін. Ата-аналар баласының басқалармен салыстырғандағы оқу үлгерімін, аналитиканы, тоқсандықта қанша баға алуы мүмкін екені туралы болжамды білгісі келсе, ол қызмет – ақылы. Бірнеше жыл бұрын шарт келісілді. Қазір қызмет берушімен хат түрінде келіссөз жүргізіп жатырмын. Жеке компаниядан мобильді қосымша арқылы көрсетілетін қызметтердің санын арттыруды талап еттім. Сайттан көре алады, бірақ мобильді қосымшамен ақпаратты алған ыңғайлы болар еді, - деді білім және ғылым министрі. 

Нығматулин педагогтардың бұл мәселені тәртіпке келтіруді сұрағанын айтты. 
Педагогтар ата-аналар жиналыстарында, кездесулерде өздеріне қатысы жоқ қолайсыз сұрақтарға жауап беретінін айтады. Олардыкі толықтай дұрыс. Сұрақтың педагогқа қатысы бар ма? Бұрындары ата-ана журналдан баласының бағасын, жалпы сыныптағы білім деңгейін көре алатын еді. Енді қазір педагогтардың сөзінше, осы ақпаратты алу үшін ата-аналар ақы төлеуі тиіс. Рас па, жоқ па?, - деп сұрады Мәжіліс спикері.

Министр ақылы екенін айтты. Депутат Аманжан Жамалов болса kundelik.kz-ті ресейлік "дневник.ру" компаниясы әзірлегенін айтты. 
Оның барлық қосымшасы ақылы. Ресейде де қосымшаның жұмысына қатысты наразылық көп. Сіздердің негізгі қызметті орындаушыларыңызбен байланысудың қажеті жоқ немесе олармен қатаң түрде сөйлесу керек. Барлық қосымшасы арқылы. Тіпті бір күні бағалауды да міндетті түрде ақылы етеді. Бағдарлама солай жұмыс істейді, - деп айтты депутат.
Министр мобильді қосымшаға қолжемтімділікті жетілдіру бойынша жұмыс істейтінін айтты.
Функционал бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Депутаттармен келісеміз. Әрі қарай жұмыс істейміз. Негізгі платформа расында ресейлік. Бірнеше жыл бұрын білім және ғылым министрі сол компаниямен келісімшарт жасасқан. Олармен екіжақты жұмыс істеп жатырмыз. Мобильді қосымшаға қолжетімділік бойынша жұмыс істейтін боламыз, - деп сендірді Аймағамбетов "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасын талқылау барысында.

Мәжіліс спикері министрге тегін қызметтерді арттыру қажет екенін айтты. 
Балалардың ата-аналары, педагогтар біздің азаматтарымыз, бізді сайлаушылар. Олардың шағымдарын тыңдап отырмыз. Компаниямен кездесіңіз. Талқылаңыз. Ата-аналар үшін тегін спектерді кеңейту керек шығар. Бұл мәселені естен шығармаңыз. Компания келіспей жатыр ма, нарықта басқалар да бар. Шақырыңыз, шарт жасасыңыз. Нарықта жалғыз сол компания деп ойламаймын. Ата-аналар мен педагогтардың өтінішін ұмытпаңыз, - деп түйіндеді Нығматулин.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...