Алдағы үш тәулікте күн жылынады

27 Мамыр 2019, 12:14
1840
Бөлісу:
Алдағы үш тәулікте күн жылынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады.  

Мамырдың соңғы күндерінде Қазақстанның көптеген облысында ауа температурасы жоғарылайды. Бірақ күннің жылынуымен қоса, жаңбыр мен найзағай, екпінді жел күтіледі.  

"Алдағы тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарында жауын-шашынсыз болғанымен, батыс облысы аймақтарында белсенді циклондық құйын қалыптасты. Соның салдарынан онда жаңбыр, ал оның шығысқа қарай ығысуымен республиканың қалған аймақтарында жаңбырмен бірге найзағай күтіледі", - делінген синоптиктердің хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы