Бас жаңалықтар
Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады
14 Қазан 2019, 13:02 464

Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 15-17 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Батыс Сібір және Солтүстік Қазақстан территориясын алып жатқан кең циклонмен полярлық және арктикалық фронттар жүйесі байланысты. Олар Қазақстан территориясы арқылы жылжып өтуі салдарынан республиканың көптеген облысында қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады. Алдағы үш тәулікте ауа температурасы орташа көпжылдық мағынаға жақын болады", - делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...