Бас жаңалықтар
Күн қайта суытады
18 Қаңтар 2021, 11:05 2898

Күн қайта суытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге, яғни 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Оңтүстік циклон орталығы Каспий теңізінің үстінде, солтүстік-шығыс бағытта жылжып, жауын-шашын, желдің күшеюін, солтүстікте боранмен, оңтүстікте - көктайғақ тудырады. 

Алайда, 21 қаңтарда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон жотасы әсер ете бастайды, онымен жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының түнде 22...30℃ дейін төмендеуі күтіледі.


Фото: дереккөз
Загрузка...