Бас жаңалықтар
Куинджи картинасын ұрлаған күдікті ұсталды
28 Қаңтар 2019, 15:22 1073

Куинджи картинасын ұрлаған күдікті ұсталды

Астана, BAQ.KZ. Ресей ІІМ Бас қылмыстық іздеу басқармасының (БҚІБ) қызметкерлері ІІМ мәскеулік ҚІБ және Ресей федералді қауіпсіздік қызметіндегі әріптестерімен бірлесіп,  Третьяков галереясынан Куинджидің картинасын ұрлаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы ТАСС РФ ІІМ ресми өкілі Ирина Волкке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, күдікті - 31 жастағы ер адам. Ол Мәскеу облысының Заречье ауылында ұсталған. Ер адам ұрланған картинаны Одинцовск ауданында салынып жатқан ғимараттың территориясында тығып қойғанын айтқан. Құқыққорғаушылар оны тауып алды.

Қылмыс пайда табу үшін жасалғаны хабарланады. Күдікті 2018 жылдың желтоқсанында есірткі жасырғаны үшін ұсталған және ешқайда шықпау туралы жазбамен жіберілген. Полиция қылмысқа қатысы болуы мүмкін тұлғаларды анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.

 Мәскеудегі Третьяков галереясынан Архип Куинджидің картинасын ұрлап кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Сізден жаңалық