Құдайдың өзі бізге көпвекторлы болуды жазған. Назарбаев шекара туралы айтты

17 Қараша 2021, 17:00
918
Бөлісу:
Құдайдың өзі бізге көпвекторлы болуды жазған. Назарбаев шекара туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Астана клуб» отырысына онлайн қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Картада Қазақстан қай жерде орналасқанын қараңыз. Бізде көпвекторлы болудан басқа амал жоқ. Шекараның 7,5 мың шақырымы бойынша солтүстік пен батыста Ресеймен шекраласпыз. Әлемде ондай шекара бар ма өзі? АҚШ пен Канада болмаса, басқа үлгі жоқ сияқты. Біз тарихи тұрғыда бірнеше ғасыр бойы Ресеймен бір ел болдық. Қыйтаймен де шекарамыз ұзақ. Географиямыз осындай. Құдайдың өзі бізге көпвекторлы болуды жазған, - деді Елбасы.
Ол атағандай, «сендер кімнің жағындасыңдар?» деп көбі Қазақстанды сынайтынын айтты.
Біз ешкіммен бірге емеспіз. Біз Ресеймен достастық қарым-қатынастамыз. Қытаймен сауда, инвестиция бойынша жақсы байланыстамыз. Транзиттік хаб болып есептелеміз. АҚШ-пен де жақсы қарым-қатынастамыз. Еуропамен де ынтымақтастығымыз жарасқан. Ислам елдерімен де қарым-қатынасымыз тамаша, - деді ол.
Назарбаев бұл жағынан ешқандай қиындық жоқ екенін айтты.
Көпвекторлы саясаттың мақсаты жоғары екенін айтты. Біз бұл әлемде бір-бірімізге тәуелдіміз. Өзара қарым-қатынас арқылы өмір сүріп жатырмыз. Бір-бірімізді түсіну арқылы өмір сүрген абзал, - деді Назарбаев.

Өзгелердің жаңалығы