Бокстан әйелдер құрамасы Кубок-2019 турниріне дайын екенін мәлімдеді

14 Шілде 2019, 15:21
1692
Бөлісу:
Бокстан әйелдер құрамасы Кубок-2019 турниріне дайын екенін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада16 шілдеде ҚР президенті кубогы үшін бокстан VII Халықаралық турнир басталады.

Бокстан әйелдердің ұлттық құрамасы Кубокке дейінгі дайындықтарын аяқтады. Биыл қыздар 5 салмақ категориясында өнер көрсетеді – 50, 57, 60, 69 және 75 кг дейін.

Азия чемпионы, Азия ойындарының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жайна Шекербекова Кубок-2019 туралы ойымен бөлісті.

«Әйелдер боксы Кубок бағдарламасына 3 жыл бұрын енгізілді. Турнир әрқашан жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде әйелдер боксы қарқынды дамуда. Турнирге көптеген спортшы келеді. Біздің басты қарсыластарымыз – Қытай мен Ресей. Дегенмен, әрбір елде, әрбір салмақ категориясында мықты боксшылар бар. Біз оларды Нұр-Сұлтанда көруге қуаныштымыз және күш сынасуға дайынбыз», - деді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы