Кубада 2 жастан бастап балаларға COVID -ге қарсы вакцинация жасалады

3 Қыркүйек 2021, 01:36
9929
Бөлісу:
Кубада 2 жастан бастап балаларға COVID -ге қарсы вакцинация жасалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кубада екі жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы иммундауға рұқсат етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларға отандық өндірістің вакцинасы егілетіні хабарланды.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқан қыркүйек айының басында басталады. Осылайша желтоқсанға дейін билік халықтың 90 пайызын вакцинациялауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Кубада 1,5 миллионнан астам адам вакцина алды. Жалпы, пандемия басталғалы бері COVID-19 инфекциясының 200 мыңнан астам жағдайы тіркелді.


Өзгелердің жаңалығы