Қуат Хамитов 51 секундта жеңіске жетті

22 Қаңтар 2021, 21:30
1278
Бөлісу:
Қуат Хамитов 51 секундта жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Ресейде өткен AMC Fight Nights Global турниріндегі жекпе-жегінде жеңіске жетті.

«Найман» лақап атымен танымал спортшы ресейлік Максим Пантелеевке қарсы жұдырықтасты. Айта кетерлігі, Қуат Хамитовтың қарсыласы жекпе-жекке бір күн қалғанда ауысты. 

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, қазақстандық файтер 51-ші секундта қарсыласын сұлатып түсірді. Осылайша, Қуат Хамитов мансабындағы 20-шы жеңіске жетті. 


Өзгелердің жаңалығы