Қыстықбай Қаллеки театрының көркемдік жетекшісі болды

29 Қараша 2020, 21:33
2179
Бөлісу:
Қыстықбай Қаллеки театрының көркемдік жетекшісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай Нұр-Сұлтандағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрына көркемдік жетекшісі қызметіне тағайындалды.

Қыстықбай Қуандық Қапсалаңұлы 1977 жылы, 1 тамызда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Қырғызсай ауылында дүниеге келді.

1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтын бітіргеннен кейін, сол кездегі Ақмола қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрына актер болып қызметке шақырылды.

Осы театрға келгеннен бастап, ол өзінің талантты, ізденгіш, еңбекқор актер екенін танытты. Қуандық Қапсалаңұлы театрда біраз рөлдерді сомдап, сахнаға шығарды: М.Әуезов «Абай» - Айдар, «Қара Қыпшақ - Қобыланды» - Қобыланды, « Қарагөз» - Сырым, « Еңлік - Кебек» - Кембай, «Айман – Шолпан» - Әлібек, Ф.Эрве «Түлкі бикеш» - Шамплетро, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» - Айдар, «Ақан Сері - Ақтоқты» - Жалмұқан, Ж.Әлмешұлы «Бәйтерек басындағы кездесу» - Исатай, В.Дельмар «Баянсыз бақ» - Гарвей, І.Есенберлин «Махамбет» - Махамбет, Б.Ұзақов «Үміт» - Замир, Т.Ахтанов «Жоғалған дос» - Маңғас, Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры» - Ол, М.Хасенов « Пай – пай жас жұбайлар – ай» - Қасым, У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Ромео, Тибальт, Ж.Мольер «Скапеннің айласы» - Леандр, А.Сайд «Келіндер көтерілісі» - Кемел, М.Фриш «Дон Жуанның думаны» - Дон Жуан, Штраус «Жұбайлар жұмбағы» - Фальк, Е.Жуасбек «Үйлену» - Көмек, «Сен үшін» - еркек, «Терең тамырлар» - Елбасы, А.Цагарели: «Гамарджоба!» - Князь, У.Шекспир «Гамлет» - Лаэрт, Э.Хушвақтов: «Қызыл алма» - Аббас, Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» - Абадан, А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» - Висенте, Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» - Абылай хан, В.Ежов «Бұлбұлдар түні» - Тимофеев, С.Мұқанов, Ш.Уалиханов «Шоқан» - Шоқан, М.Әуезов, Қ.Ысқақ «Қараш-қараш»- Бақтығұл, Дж.Патрик «Қымбатты Памелла» - Бред, Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» - Әбутәліп, Ревизор, «Ақ кеме» - Сейдахмет, В.Ежов «Тыраулап ұшқан тырналар» - , Т.Теменов «Аққудың көз жасы»- Данияр, А.Чехов «Шие» - Ғайып, У.Шекспир «Отелло» - Отелло, К.Кизи «7+1» - Макмерфи, Г.Низами «Ләйлі-Мәжнүн» - Мәжнүннің әкесі.

2019 жылы Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Фариза» спектаклінде Мұқағалидің бейнесін сомдады.

Кино саласында: «Сардар» кинофильміне түсіп, басты рөл – Құлжа рөлін сомдады; «Человек ветер» кинофильміндегі басты рөл – Алмат бейнесін кескіндеді; 2013 жылы «Қасым» телефильмінде «Халық қаһарманы» Қасым Қайсеновтың бейнесін сомдады. Севастопольде халықаралық фестивальда «Үздік фильм» номинациясын жеңіп алды.

2014 жылы режиссер Е.Тұрсыновтың «Жат» фильміне түсті. 2015 жылы «Жат» фильмі Оскарға «Ең үздік шетелдік фильм» номинациясы бойынша ұсынылды.


Өзгелердің жаңалығы