Бас жаңалықтар
ҚТЖ-ның Балқаштағы бөлімшесінің бастығы қамауға алынды
12 Ақпан 2021, 18:00 1254

ҚТЖ-ның Балқаштағы бөлімшесінің бастығы қамауға алынды

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ» Балқаш дистанциясының бастығы қамауға алынды. 

Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 

«ҚТЖ» ҰК »АҚ филиалы Балқаш дистанциясының бастығы тергеу барысында анықталған лауазымды тұлғалармен бірге теміржол трассасын күрделі жөндеуден өткізу бойынша жұмыстардың жекелеген түрлерін орындамай, бюджет қаражатын жымқыруға жол берді. Жалпы шығын 92 миллион теңгеден асты, - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етілмейді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...