ҚТҚ «Баспана Хит» және «7-20-25» аяқталуы туралы түсінік берді

20 Мамыр 2021, 18:55
2285
Бөлісу:
ҚТҚ «Баспана Хит» және «7-20-25» аяқталуы туралы түсінік берді

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық тұрақтылық қоры «Баспана Хит» және «7-20-25» ипотекалық бағдарламаларының аяқталуы туралы түсінік берді.

Ақпаратқа сәйкес, "7-20-25" бойынша тұрғын үй қарыздарын беру көлемі бойынша бекітілген лимит 1 трлн теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша шамамен 325 млрд теңге сомаға несие берілді, бұл бастапқы тұрғын үй нарығында 27 мыңнан астам қазақстандық отбасына тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік берді. "7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру мерзімсіз 1 трлн теңге лимитіне жеткенге дейін жүзеге асырылады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, «Баспана Хит» бағдарламасы да 600 млрд теңге шектеуге қол жеткізгенде аяқталатын болады.

Қазіргі уақытта берілген қарыздардың жалпы сомасы шамамен 493 млрд теңгені құрап отыр. Бағдарламаның арқасында 54 мыңнан астам отбасы баспаналы болды. Банктердің болжамдары бойынша, аталған ақшаны игеру ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, қорда "Баспана Хит" бағдарламасын жүзеге асыру жылжымайтын мүліктің қайталама нарығында халық үшін ипотеканың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша өз міндетін толық шешкенін қосты. Қазіргі уақытта банктер осы бағдарламаға ұқсас несие беру шарттарын әзірлеп ұсынуға дайын.

Осының арқасында мемлекет тарапынан ипотека нарығының осы сегментін ынталандыру талап етілмейді. Бұл бағдарламаны біртіндеп аяқтауға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы