Круизбен жүрген жолаушылар құжаттарын жиі жоғалтады – елші

15 Мамыр 2019, 16:22
3233
Бөлісу:
Круизбен жүрген жолаушылар құжаттарын жиі жоғалтады – елші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Соңғы жылдары Испанияда жүрген қазақстандықтар құжатын жоғалтып алу оқиғасы жиі кездеседі. Бұл туралы Қазақстанның Испаниядағы және Андоррадағы елшісі қызметін қоса атқарушы Константин Жигалов мәлімдеді.

Айтуынша, олардың ішінде круизбен саяхаттап жүргендер де болады.

«Қазақстанға қайтып келу туралы куәлікті білесіздер ғой?  Бұл дегеніңіз дамдардың құжатын жоғалтып алуы немесе ұрлатып алу, яғни құжатсыз қалуы десек болады.  2016 жылы біздің елшілік тарапынан 45 куәлік, 2017 жылы 81, 2018 жылы 105 куәлік берілді. Міне, ұрлық жасайтын адамдар көп. Сол ұрланған заттың ішінде құжаттар да кетіп қалады. Испанияда жүріп осылай құжатын жоғалтып алатындарға біздің консулдарымыз көмектеседі. Әрқайсын жеке-жеке қабылдап, мәселесін шешіп беруге тырысады. Мысалға, адамдар круизбен келеді.  Бірнеше елді аралап жүргенде затын ұрлатып алады.  Мұндай адамдарды өзім де көрдім. Басқа елде құжатсыз қалып қою деген трагедия ғой», - деді елші Сыртқы істер министрлігіндегі брифинг барысында.

Бұдан бөлек дипломат Қазақстан тумасы Әли есімді кішкентай баланың арманын орындау үшін консулдық қызметкерлері  көмектескенін айтты.

«Денсаулығында сырқаты бар кішкентай баланың арманы футболшы Леонель Мессимен кездесу болатын. Міне арманын орындауға көмектесіп, атақты футболшымен кездесуін ұйымдастыруға ықпал етті», - деді Константин Жигалов.

Бұған дейін елші Испанияда білім алатын қазақстандықтардың көп екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы