Бас жаңалықтар
Краснов Ауғанстандағы жағдай әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырғанын айтты
23 Қыркүйек 2021, 11:08 141

Краснов Ауғанстандағы жағдай әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТМД қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 31-отырысында РФ Бас прокуроры Игорь Краснов  айтты.

Пандемия кезінде бұл кездесуді ұйымдастыру ҚР Бас прокуратурасы мен Үйлестіру кеңесінің хатшылығының үйлескен жұмысының нәтижесі болып отыр. Ол біздің одан әрі ынтымақтастығымыз бен өзекті мәселелерге бірлескен шешім табуға бағытталған. Қазіргі таңда әлемдік қауымдастықты Ауғанстандағы жағдай алаңдатып отыр, - деді Краснов.
Ол нақты қандай жағдай алаңдатқанын айтып берді.
Ауғанстан шекарасынан шығып жатқан босқындар ағыны мен террористік ұйымдардың белсенді бола түсуі, кейбір мемлекет арқылы есірткі айналымының күшеюін айтуға болады. ТМД елдерінің мемлекетаралық органдарын үйлестіруді қамтамасыз ететін үйлестіру кеңесінің бірлескен күші құқықтық тәртіпті нығайтып, адамдардың қауіпсіздігі мен құқығын қамтамасыз етіп, сын-тегеуріндерді азайтады деген үміттемін, - деді Краснов.
Ресей бас прокуроры 2021 жыл ТМД-ның құрылғанына 30 жыл екенін еске салды.
Осы уақыт аралығында өзара сыйластық пен дәстүрлі достықты сақтап, нығайта алдық. Біздің осы бағыттағы жұмысымыз трансұлттық қылмысты жоюға бағытталатынына сенімдімін, - деді Игорь Краснов.
Айта кетейік, үйлестіру кеңесіне 9 қатысушы елдің бас прокурорлары қатысты.

Фото: автордан
Загрузка...