ҚР ҰЭМ аппарат басшысы тағайындалды

21 Қаңтар 2021, 20:45
1672
Бөлісу:
ҚР ҰЭМ аппарат басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлады. 

Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 

1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.  

Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысы жинақ банкі Ерейментау бөлімшесінің инспекторы болып бастаған.  

1998-1999 жылдары — Ақмола облысы бойынша Салық комитетінің бас заң кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы. 

1999-2002 жылдары — Мемлекеттік кірістер министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы.  

2002-2003 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімінің консультанты. 

2003-2008 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеген. 

2008-2011 жылдары — ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігі басшысының орынбасары. 

2011-2018 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 

2018-2019 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы. 

2019 жылы — ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі. 

2019 жылғы 19 шілдеден бастап 2021 жылғы 19 қаңтарға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы