Тұңғыш Президент күні: «Түркі әлемі және Елбасы феномені»

26 Қараша 2020, 11:45
2017
Бөлісу:
Тұңғыш Президент күні: «Түркі әлемі және Елбасы феномені»
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық Түркі академиясы ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Түркі әлемі және Елбасы феномені» атты халықаралық жиын өткізді.

Алқалы басқосуға Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, түрколог, академик Мырзатай Жолдасбек, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының директоры Әмірхан Рахмыжанов, Қырғыз Республикасы ұлттық ғылым академиясының президенті Мурат Джуматаев, Әзербайжан Ғылым академиясының вице-президенті Иса Габиббейли, Өзбекстан ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Бахром Абдухалимов, сонымен қатар белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, танымал түркітанушы ғалымдар онлайн режимде қатысты.

Аталған шара түбі бір бауырлас елдер Түркі интеграциясының архитекторы деп айрықша бағалайтын Елбасының халықаралық саясаттағы беделін көрсетіп, түркі әлеміне сіңірген еңбегі мен үлесін насихаттауға негізделген, - деді Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі. 
Тұңғыш Президент күні: «Түркі әлемі және Елбасы феномені»

Айта кету керек, алқалы жиын 1 желтоқсанда аталып өтілетін - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы