ҚР СІМ Әзербайжан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады

18 Қазан 2020, 19:49
1691
Бөлісу:
ҚР СІМ Әзербайжан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Әзербайжан Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы министрліктің твиттердегі парақшасында жарияланды.

Құрметті әріптестер, бауырлас Әзербайжан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Гүлдену мен өркендеу тілейміз! - делінген еліміздің сыртқы саяси вдеомствосының Twitter парақшасындағы хабарламада. 

Айта кетейік, бүгін - Әзербайжан елінің Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылы 18 қазанда «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі» конституциялық шарт қабылданған.

Өзгелердің жаңалығы