Қоймаларда қанша көмір қоры бар?

28 Қыркүйек 2021, 17:08
2447
Бөлісу:
Қоймаларда қанша көмір қоры бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмір өнеркәсібі мен қара металлургия басқармасының басшысы Жанат Игисинов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Биыл қаңтар-тамыз айларында 69 млн тонна көмір өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%. Бұл көмір концентратын қоспағандағы көрсеткіш. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 39,1 млн тонна көмір жеткізілді. Өнеркәсіп кәсіпорындарында 4,2 млн тонна, коммуналдық тұрмыстық және халыққа 5 млн тонна жөнелтілді. Экспортқа 19 млн тонна жіберілді. Қоймалардағы көмір қоры шамамен 1,5 млн тоннаны құрайды, - деді Игисинов.
Ол атағандай, Павлодар, Қарағанды және ШҚО-дағы ірі көмір өндіруші компанияларды көмір өндіру артып отыр.
Қазір әкімдіктер көмір жеткізу бойынша жоспар уақытылы орындалып жатқанын айтты. Халықты және тұрмыстық секторды көмірмен қатмамасыз ету министрліктің құзырында тұр, - деді ол.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 27 күнде қанша тонна көмір тасымалданғаны белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы