Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының жеңімпаздары анықталды

11 Маусым 2021, 14:19
2610
Бөлісу:
Қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ташкентте өткен ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында Қазақстан Қарулы Күштері құрамасының қоржынында – екі алтын, бір күміс және екі қола бар.

Айта кетсек, 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде капитан Сағын Қазбек пен ефрейтор Сора Рахмонова (абсолютті салмақ дәрежесінде) әлем чемпиондары атанды. Күмісті 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кіші сержант Мереке Жүнісова қанжығалады. Қола жүлделер 50 келіге дейінгі салмақтағы ефрейтор Аян Тұрсын мен 70 келіге дейінгі салмақтағы Талшын Жұматаеваға бұйырды.

Алғаш рет чемпионат көрші Өзбекстан елінде өтті. Біздің спортшылар өз салмақ дәрежелерінде чемпиондар мен жүлдегерлер атанды. Сондай-ақ, капитан Сағын Қазбек үш дүркін әлем чемпионы атанып, еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды, – деді Спорт комитетінің төрағасы – Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының бастығы Айталап Құрғамбаев.

Жалпы жарыста барлығы 30 елдің 200 спортшысы қатысты.

 


Өзгелердің жаңалығы