Қостанайда жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн теңгеден астам қаражат ұрланған
21 Қазан 2021, 10:40 900

Қостанайда жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн теңгеден астам қаражат ұрланған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай қаласында жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн астам теңгені жымқыру дерегін анықтады.

Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер «Galara» ЖШС мен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеу шарт жасалған. 

«Galara» ЖШС Бас директоры ТКШ бөлімі инспекторының көмегімен іс жүзінде көрсетілмеген (құм-қиыршық тас қоспасынан, ұсақ тастан жасалған негіздердің төсейтін және тегістейтін қабаттарын орнату бойынша) қосымша қызметтер бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін ұсынған, - делінген хабарламада.

Жалған акт негізінде ЖШС есеп шотына 27 миллион астам теңге негізсіз аударылды. Кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.



Фото: дереккөз
Загрузка...