Қостанайда темір әткеншек құлап, 8 жасар қыз жарақат алды

9 Қыркүйек 2021, 23:43
1210
Бөлісу:
Қостанайда темір әткеншек құлап, 8 жасар қыз жарақат алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда темір әткеншек құлап, 8 жастағы қыз бала жарақат алды. Осы оқиға бойынша полиция соталды тергеуді бастады. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Сафуан Жампейісов хабарлады.

8 жасар қыз әткеншек теппек болғанда ол құлап, темірі қыздың басына тиген. Баланың ата-анасы қызым жарақат алды деп полицияға арызданды.

Осыған қатысты Қостанай облысының полиция департаменті соталды тергеуді бастады. Тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 306-бабы «Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсетуге» сәйкес жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді С. Жампейісов.

Тергеу барысында кінәлілер анықталып, кемшілікті жою ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы