Қостанайда коронавирус инфекциясынан 100-ден астам адам қайтыс болған

14 Қыркүйек 2021, 13:16
4984
Бөлісу:
Қостанайда коронавирус инфекциясынан 100-ден астам адам қайтыс болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қостанай обылысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Айтбаев хабарлады. 

Оның айтуынша, биыл жыл басынан бері 23930 адам індет жұқтырған.

Нақтылап айтар болсақ, 13 қыркүйек күнгі жағдай бойынша 156 жағдай тіркелген.

31 492 науқастың 27 280-і сауықты, амбулаторлық бақылауды 3 617 адам жалғастыруда. Өкінішке қарай, 101 өлім-жітім жағдайы орын алды, - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Айта кететін жайт, облыс бүгінде «қызыл» аймақта тұр.
Сұранысы жоғары дәрілік заттар мен жеке қорғаныс құралдарының тұрақтандыру қоры құрылды. Тестілеу тәулігіне 2,5 мың зерттеу жүргізу қуаттылығы бар 5 зертхана базасында жүргізіледі. Облыстың оңтүстік аймақтарының тұрғындарын қамту үшін желтоқсан айында қуаттылығы 300 зерттеу болатын Арқалық қаласында ПТР тесттерін жинайтын зертхана іске қосылды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Вакциналау 190 стационарлық және жылжымалы екпе пункттерінде жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында 310 мыңға жуық адам індетке қарсы екпе алғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы