Қостанайда егін себу науқаны қарқынды жүріп жатыр

20 Мамыр 2021, 15:34
2898
Бөлісу:
Қостанайда егін себу науқаны қарқынды жүріп жатыр

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінге дейін өңірде 945 мың гектарға дәнді және 245 мың гектарға майлы дақылдар егілді. 

Ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлағандай, Қостанай облысының шаруашылықтары егін себу науқанын мамыр айының соңына дейін аяқтап қалуы әбден мүмкін.

Қазір шаруалардың күн сайын есеп-қисабы бар. Мамырдағы жылу негізінен ұсақ тұқымды дақылдарды, яғни рапс, зығыр себу үшін қолайлы емес. Олар терең егілмейді, ал жердің жоғарғы қабатын тез кебеді және тұқымдар өсіп кетуі неғайбыл. Мысалы, 2019 жылы құрғақ желдің салдарынан ұсақ тұқымды дақылдардың көбі шықпай қалды, - дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және озық технологиялар бөлімінің маманы Кенже Жұмандықов. 

Дәнді дақылдар үшін қазір ауа райы қолайлы. Қыс қарлы болды, ал дәнді дақылдарды өсіру үшін жеткілікті мөлшерде су беру керек. Әзірге Жангелдин, Наурызым, Қарасу аудандарында егін себу науқаны жоспарлы уақыттан озып келеді. Олар мамыр айының бірінші онкүндігінде егуді бастаған. 15-30 мамыр аралығындағы кезең облыстың көптеген ауданында егін үшін өте қолайлы болып саналады.

Біз 11 мамырда егуге кірістік. Әрине, мамыр осы жылы ыстық, ылғал тез кеуіп жатыр. Бірақ бидайдың себу тереңдігінде (7-8 см) ылғал көлемі өте жақсы, бидай өніп шығуы үшін жеткілікті болуы керек. Бидай үшін оның даму кезеңінде ылғал алуы маңызды. Егер егін себу уақытылы жүргізілсе, онда даму кезеңі жауын-шашынның максималды кезеңіне, маусымның аяғынан 15 шілдеге дейін барады. Ең дұрысы, бұл уақытта бидай барлық қажетті ылғалдың 60-70% алады, - дейді «Агрофирма Диевская» ЖШС атқарушы директоры Төлеш Оспанов. 

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 5,2 млн га құрайды, егіс алқаптарының барлық құрылымы әртараптандыруды ескере отырып жасалған. 

Мәселен, жазғы және дәнді дақылдар 4,8 млн га егіледі, оның 3,9 млн га – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 150 мың гектарға аз. 

Майлы дақылдар 651,8 мың га, жемшөп дақылдары – 277,9 мың га, картоп – 3,5 мың га, көкөністер – 869 га, қарақұмық егу биыл 10,5 мыңға жетеді. Бұл құрылым өңірді әлеуметтік маңызы бар тауарлармен – күнбағыс, қарақұмық, рапспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Өзгелердің жаңалығы